Килиан Мбаппе Мадридтен 18 млн еуроға үй сатып алды

Редактор
24.05.2024, 01:50

Ол биылдан бастап «Реал» сапында ойнауы мүмкін

Google Map

Әйгілі футболшы, Франция құрамасының шабуылшысы Килтан Мбаппе Мадридтің Ла Моралеха ауданынан 18 миллион еуроға зәулім үй сатып алды деп жазады La Razon басылымы.

Енді ол америкалық танымал актер Ричард Гир мен Испания құрамасының қорғаушысы Серхио Рамоспен көрші тұратын болады. Рамос қазіргі таңда «Севилья» сапында өнер көрсетіп жүр.

Еске салайық, 10 мамыр күні Мбаппе ПСЖ сапынан кететінін ресми мәлімдеген болатын. Оның француз клубымен келісімшарты маусым айының аяғында аяқталады. Мұнан кейін ол мадридтік «Реал» сапына ауысады деп мәлімдейді БАҚ өкілдері.

Мбаппе биылғы маусымда ПСЖ сапында 47 ойын өткізіп, 44 гол соқты және нәтижелі 10 пас шығарды.