Ливеркузендік команда келер жылы Чемпиондар лигасында ойнайды
Жасы 40-қа таяған даңқты португалдық футболшы Криштиану Роналду мансабын Германияда жалғастыруы мүмкін. «Әл-Насрдың» намысын қорғап жүрген шабуылшыға «Байер» құда түсіп жатқан көрінеді.
Айта кетейік, ливеркузендік команда биыл өте жоғары нәтиже көрсетті. Қатарынан 51 матчта жеңілмеген Хаби Алонсо шәкірттері Германия чемпионы атанып, Еуропа лигасының финалына дейін жетті. Финалда неміс машинасын «Аталанта» тоқтатқан болатын.
Сондай-ақ, енді санаулы күндерден «Байер» Германия кубогінің финалында өнер көрсетеді.
Роналдудың командаға қосылуына Хаби Алонсоның өзі мүдделі болған. Келесі жылы Чемпиондар лигасында өнер көрсететіндіктен, клубқа Роналду секілді тәжірибелі көшбасшы керек деп есептейді ол.
Португалдық шабуылшы 2023 жылдың қаңтар айынан бері «Әл-Насрда» ойнап жүр. Арабтар оған жылына 200 миллион еуро жалақы төлейді. Одан бөлек Роналдудың өзі мен отбасына тағы түрлі бонустар төленеді.
Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i