Екеуі де биылғы чемпионатта бір-бір голдан ғана соға алды
Футболдан Түркия чемпионаты аяқталды. Соңғы 38-турда қазақстандық футболшылар ойнайтын қос команда да жеңіліп қалды.
Атап айтқанда, Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» сырт алаңда «Касымпашамен» кездескен болатын. Ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бақтиер бірінші таймның басынан алаңға сол қапталдың қорғаушысы позициясында шыққан. Алайда, аса көп пайдасы тимесе керек, бас баспкер тайм арасындағы үзілісте оны Неджип Уйсалға алмастырды.
Ал, Абат Айымбетовтің «Адана Демирспоры» өз алаңында «Истанбул Башакшехирден» 2:6 есебімен ойсырай жеңілді. Абат алаңға екінші таймнан бастап шыққан. Алайда, гол соға алған жоқ, нәтижелі пас та бере алмады.
Осылайша, «Бешикташ» Түркия чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады, оның еншісінде 56 ұпай бар. Ал, 44 ұпай жинаған «Адана Демирспор» 12-орында.
Айта кету керек, Зайнутдинов те, Айымбетов те биылғы чемпионатта бір-бір голдан ғана соға алды.