Тоқаевпен бірге стадионда футбол тамашалаған функционер жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
27.05.2024, 17:12

Ол 2021 жылы қызметінен қуылған болатын

Akorda.kz

Қазақстан футболының ардагері Михаил Гурман 70 жасында қайтадан қызметке кірісті. Ол бүгін «Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Михаил Гурман клубтың спорттық жұмыстарына басшылық етпек.

Ардагер футболшы бір кездері Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының директоры және Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.

Ол 2019-2021 маусымында «Астана» футбол клубында директор болған. Сол кезде сынға ұшырап, кейіннен қызметінен кеткен.

Айта кетейік, биыл 71 жасқа толатын Михаил Гурман былтыр күзде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі рет Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарын стадионнан тамашалады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i