Нұралы Әліп кубок көтеремін деп басын жарып алды (ВИДЕО)

Редактор
02.06.2024, 23:25

«Зенит» биыл РПЛ чемпионы атанып, ел кубогінің иегері атанды

Зенит ФК

Футболдан Ресей кубогінің суперфиналында гол соғып, «Зенитке» жеңіс әкелген Қазақстан қорғаушысы Нұралы Әліп басын жарып алды. Марапаттау рәсімінен кейін кубокті жоғары көтермек болғанда, металл трофейдің бір бөлігі сынып түсіп, футболшының басына тиген.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда Нұралы дін-аман, тек басын орап, жеңісті тойлауды одан әрі жалғастырып жатыр.

Еске салайық, Ресей кубогінің суперфиналында «Зенит» пен «Балтика» кездесіп, петербургтік команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың соңғы минуттарына дейін 1:1 есебі сақталып тұрғанымен, төреші қосқан алты минуттың бесінші минутында Нұралы Әліп баспен гол соғып кетті. Осылайша, «Зенит» биылғы маусымда РПЛ чемпионы және Кубок иегері атанып отыр.

Еске салайық, суперфиналға шығар жолда «Зенит» ЦСКА-мен кездесіп, Нұралы Әліп қарсылас команданың қақпашысын баспен ұрып құлатқан болатын. Соның салдарынан ЦСКА голкиперінің бет сүйегі екі жерінен сынды.

Материалда: