«Жетісу» футбол клубының тағы екі лауазымды өкілі күдікке ілінуі мүмкін

Редактор
04.06.2024, 15:51

Клубтың бұрынғы басшысына оқу-жаттығу жиындарына ьөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр

"Жетісу" ФК

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың соңынан тағы бірнеше адамға қатысты мәселе туындауы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Владимир Жарков өзінің Telegram-каналында жазды.

Есте болса, бұған дейін Дөңсебаевтың ұсталғанын Антикор растаған болатын. Енді осынау іске клубтың спорттық директоры мен бас бухгалтерінің де қатысы болуы мүмкін көрінеді. Тергеу ісіне сәйкес, аталған тұлғаларға сұрақ туындаған.

«Жетісу» футбол клубының директоры 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жымқырды деп айыпқа ілінді.

Қазір сот санкциясымен камауға алынған күдіктінің басқа да эпизодтары тексеріліп, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.