«Алғашқы екі ойынға қатыспаймын»: Черчесов Қазақстандағы жұмысына қашан кірісетінін айтты

06.06.2024, 10:10

Ресей маманы Қазақстанда орыстілді орта болғандықтан ғана ұсынысты қабылдағанын айтып отыр

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа тағайындалған бас бапкері Станислав Черчесов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында жаңа жұмысына жұмысына қашан кірісетінін айтты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 7 және 11 маусым күндері Армениямен және Әзірбайжанмен жолдастық кездесулер өткізеді.

«Қазір біз федерация басшылығымен сөйлесіп, алғашқы екі ойынға қатыспаймын деп шештік. Барлығын жоспарлау керек. Себебі Арменияға ұшуға мүмкіндігім жоқ, өйткені мен бұл күндері ұлттық құраманы қабылдауды жоспарламаған едім. Мен Венгрияға ұшуды жоспарлап отырмын, ол жақта команданың Әзербайжанмен өтетін ойынын қараймын. Жаттығу жұмыстарына қатыспаймын. Осы екі ойынды Руслан Балтиев қорытындылайды», - деді маман.

Еске салайық, Руслан Балтиев – бас бапкердің негізгі көмекшісі. Ол Магомед Адиевпен бірге «Ахмат» клубында да жұмыс істеп келген. Оның Черчесов командасында қалу-қалмауы енді шешіледі.