Криштиану Роналду тағы бір әлемдік рекордты жаңартты

Редактор
12.06.2024, 09:22

Аталған рекорд бұған дейін Бразилия қақпашысы болған Рожерио Сениге тиесілі еді

Getty Images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ирландиямен болған жолдастық ойында тағы бір әлемдік рекордты жаңартты.

Аталған матчта португалдықтар 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Үш голдың екеуін Роналду соқты.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының мәліметінше, Роналду кеше өз мансабында ТОП деңгейдегі 1226-шы ойынын өткізген. Осылайша ол Бразилия қақпашысы болған Рожерио Сениден озып, бұл көрсеткіш бойынша әлемдік рекордты жаңартты.

Роналду Португалия, Англия, Испания, Италия және Сауд Арабиясы чемпионаттарында – 698 матч, осы елдердің Кубок және Суперкубок турнирлерінде – 101 матч, халықаралық клубтың жарыстарда – 220 матч және ұлттық құрамамен 207 матч өткізген.

Португалдық шабуылшы мұнымен тоқтап қалмасы анық. Ол 14 маусымда басталатын Еуропа чемпионатына да қатысады. Португалдықтар құрлық жарысында Түркия, Грузия және Чемхиямен бір топта ойнайды.