Қатарынан төрт рет жеңілген Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен құлдырады

Редактор
12.06.2024, 11:01

Төрт ойында Қазақстан құрамасы өз қақпасына 12 гол жіберіп алған

Қазақстан футбол федерациясы

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) live-рейтинг жүйесінде төмен түсті. Бұған себеп – ұлттық құраманың қатарынан төрт ойында болған жеңілісі.

Еске салайық, соңғы бір аптада Черчесов шәкірттері алдымен Армениядан 1:2 есебімен жеңілсе, артынша Әзірбайжан құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді. Осының салдарынан рейтингте Қазақстан бірден алты сатыға құлдырап, 109-орынға тұрақтап отыр.

Жаңартылған рейтингте Мадагаскар, Гватемала, Кения және Намибия секілді елдер біздің алдымызға шықты. Ал, Әзірбайжан болса бір сатыға жоғарылап, 111-орында тоқтады.

Қазақстан құрамасы соңғы екі кездесудің алдында алдымен Грекиядан 0:5 есебімен жеңілсе, артынша Люксембургпен жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен тағы есе жіберді.