Әйгілі Фернанду Сантуш Әзірбайжан құрамасына бас бапкер болды

Редактор
12.06.2024, 19:15

Ол бұған дейін «Бешикташ» командасын жаттықтырған болатын

Getty Images

Поргулиялық бапкер Фернанду Сантуш Әзірбайжан құрамасын жаттықтыратын болды. Бұл туралы елдің футбол федерациясы ресми мәлімдеді.

«Фернанду Сантушты Әзірбайжан ұлттық құрамасының бас бапкері етіп тағайындау туралы шешім қабылданды. Оның футболдағы бай тәжірижиесіне назар аударылды. Ол бас бапкер ретінде әлемге белгілі маман, әрі Еуропа чемпионатында Португалияны жеңімпаз қылды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, Сантушқа ел құрамасы 2028 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне қатысатындай бәсекеге қабілетті ету тапсырмасы жүктеліп отыр. 

69 жастағы португалдық маман өткен жылы «Бешикташқа» бас бапкер болып тағайындалған еді. Алайда, ол бұл қызметінен сәуір айында кетуге мәжбүр болды.