Оның пікірінше, Ресей чемпионатына кез келген уақытта келуге болады, ал Еуропада ойнау екінің біріне бұйыра бермейді
Футболдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиер Зайнутдиновтің әкесі Батыржан Зайнутдинов ұлының мансабына қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін қазақстандық жартылай қорғаушының Түркияның «Бешикташ» клубынан Ресей чемпионатына оралатыны туралы мәлімет тарағ,ан болатын. Дереккөздер футболшының «Зенит» сапына ауысатынын жазуда.
«Бақтиердің «Бешикташпен» келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Ол маған Ресей чемпионатына оралатыны туралы айтқан жоқ. Ол Еуропада ойнауды армандайтын, ал Ресейге кез келген уақытта келіп үлгереді. Ұлымның оралатыны туралы білмейді екенмін», - деді Батыржан Зайнутдинов «Чемпионатқа» берген сұхбатында.
Айта кетейік, Санкт-Петербург клубында тағы бір қазақстандық футболшы Нұралы Әліп өнер көрсетеді. Ал Зайнутдиновтің өзі Ресей біріншілігінде бұған дейін ЦСКА мен «Ростов» клубтарында ойнаған.