Ұлттық құраманың сары түсті формасы ұнамайды – Нұрлан Қоянбаев

Редактор
15.11.2023, 02:26

Бүгінгі подкаста белгілі продюсер, шоумен Нұрлан Қоянбаевпен бір сағаттан аса сөйлестік. Әңгіме көбіне футбол туралы емес, жанкүйер мәдениеті жайында болды.

Скриншот

Нұрлан Қоянбаев ұлттық құраманың матчына арнап 20 мың ТУ тіктіру идеясы қайдан келгенін, оған қанша қаржы кеткенін және бұл челленджді тағы кімдер қолдауға дайын екенін айтты. 

Одан бөлек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінің түсі де сөз болды. Құрама жейдесінің түсі (сары) Нұрлан Қоянбаевқа ұнамайды екен. Продюсер ұлттық құрама жейдесі Қазақстанның туымен астасып тұрса, көк байрағымыздың элементтері көбірек болса деп есептейді.

Қоянбаевтың ойынша, қазіргі футболдағы жетістігімізге тек бас бапкердің емес, футболшылардың 30 жыл бойы пісіп жетілуі, қоғамның да ілгерілеп дамуы сияқты факторлар әсер еткен. 

Белгілі продюсер Бақтияр Зайнутдинов ("Бешикташ") пен Рамазан Оразовтың ("Копер") трансферіне қалай ықпал еткенін, болашақта қазақстандық футболшылардың Еуропаның беделді командаларында ойнауы үшін қандай "жоспар" әзірлеп отырғанын да айтты. 

Әкімдік қаржыландыратын отандық клубтардың да мәселесі сөз болды. Нұрлан Қоянбаев стадионына адам жиналмайтын командаларды сынға алды.