Германия чемпионы Қазақстан туын ажырата алмағаны үшін басынан соққы алды

Редактор
17.06.2024, 12:21

Футболшылар өзге елдердің туларын қаншалықты жақсы білетінін тексерді

instagram.com/allnewsmorocco

Германия чемпионы атанған Леверкузеннің «Байер» клубының ойыншылары ерекше челленджге қатысты.

Нидерланд құрамасының қорғаушысы Джереми Фримпонг пен марокколық вингер Амин Адли өзге елдердің туларын қаншалықты жақсы білетінін тексерді. Челлендж аясында футболшылар әр қате жауап үшін бір-бірінің басынан жастықпен ұруы керек.

Экранда Қазақстан туы шыққанда, Адли абдырап қалып: «Шри-Ланка» деп еді, Фримпонг әріптесінің басынан жастықпен қойып қалды.

«Қазақстан – Шри-Ланка, Өзбекстан – Португалия», «Шри-Ланка, алға!», «Аталантадан» жеңілгендеріңнің себебі түсінікті болды», - деп жазған роликтің астына қазақстандықтар.

Айта кетейік, Леверкузеннің «Байер» клубы ішкі чемпионаттағы барлық турнирде маусымды жеңіліссіз аяқтаған алғашқы неміс клубы атанды. Команда Еуропа лигасының финалында «Аталантаға» ғана есе жіберді.

Материалда: