Еуродағы дау: Аю болып киінген блогерді полиция алып кетті

Редактор
18.06.2024, 15:28

Блогердің екі досы оны QR-кодты тексеретін стюардтардың жанынан алып өткен

Mavrin

Блогер күзет қызметін алдап, Еуропа чемпионатының ашылу матчына қатысты.

Mavrin лақап атымен танымал ютубер пранк ұйымдастырғаны туралы шығарылым жасады. Жігіт көлікті жалға алып, оған демеушілердің жарнамасын  жапсырған, ал өзі аюдың костюмін киіп көліктің ішіне отырған.

Күзет тексергенде, көлікте құдды үлкен қуыршақ жатқан секілді көрінген. Блогердің екі досы оны QR-кодты тексеретін стюардтардың жанынан алып өткен.  

Нәтижесінде құжаты жалған әрі аккредитациясы да жоқ адам алаңның дәл жанына барған. Көп ұзамай блогер ұсталып, ол полицияға тапсырылды.

УЕФА мұндай жағдайдың болғанын растап, үш адамға бұдан былай турнир матчтарына мүлде кіруге рұқсат берілмейтінін алға тартты.

Неміс полициясының басшысы да бұл жайтты күлкілі деп санамайтынын айтады, себебі бұған дейін Еурода күзет болып жұмысқа тұрған ТГИЛ лаңкесі ұсталған болатын.

Материалда: