«Ордабасы» Чемпиондар лигасында Молдова клубымен кездеседі

Редактор
18.06.2024, 17:38

Бірінші ойын Шымкентте өтеді

©UEFA.com

Шымкенттік «Ордабасы» клубының Еуропа чемпиондар лигасы аясындағы қарсыласы анықталды. Өткен жылы ел чемпионатында топ жарған клуб алғашқы ойының молдовалық «Петрокубке» қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчты Шымқаланың теңбілдоп шеберлері өз алаңында қабылдамақ. Бұл ойын 9-10 шілдеге жоспарланса, қарымта матч 16-17 шілде күні өтеді.

Сонымен бірге, Еуропа лигасында бақ сынайтын «Ақтөбе» мен «Тобыл» клубының да қарсыластары бүгін белгілі болады.