ЧЕхиямен болған ойында Роналду матчтың ең үздік ойыншысы атанған
Ресей футболының аңызы Андрей Аршавин Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың ойынын сынады. Португалдықтар Еуропа чемпионатының бірінгі турында Чехиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Португалия бұл Еуропа чемпионатының фавориті емес деген пікірмен келісем. Өйткені, Роналду үнемі көрпені өзіне тартады. Криштиану қазір Португалияның ең үздік ойыншысы емес», - деді Аршавин «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында.
Десе де, 39 жастағы Роналду кеше Чехиямен болған ойында матчтың ең үздік ойыншысы атанды. Ол қақпаға 5 соққы жасап, пас беру көрсеткішін 100 пайызға жеткізген (22-ден 22).
Айта кетейік, Португалия мен Чехия Еуро-2024 турнирінің F тобында өнер көрсетіп жатыр. Олармен бірге бір топта Түркия мен Грузия бар. Алғашқы матчта түріктер грузиндерді 3:1 есебімен жеңді.