Кең далада атпен шапқан Нұралы Әліп көпшілікті тамсандырды

Редактор
20.06.2024, 09:27

Футболшы биыл «Зенит» сапында алғаш рет «алтын дубльге» қол жеткізді

instagram.com/nurik028

Футболдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нұралы Әліп жұбайымен бірге қазақтың кең даласында атпен шапты.

«Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің келіншегі Әйгерім күйеуінің қазақтың кең даласында атпен шауып жүрген видеосын салды.

«Бүгін  Нұралы Әліппен атпен рахаттанып шаптық», - деді футболшының жұбайы.

Роликте аяқдоп шеберінің Ақтау маңында Асылбек Еңсеповтің  «Адай» күйіне атпен серуендеп жүргенін көруге болады.

Айта кетейік, Нұралы Әліп биыл «Зенит» сапында алғаш рет «алтын дубльге» қол жеткізді.