EURO-2024: Польша үмітін үзді, Франция мен Нидерланды тең тарқасты

Редактор
22.06.2024, 02:06

Украина Слованияны жеңіп, маңызды үш ұпайына қол жеткізді.

CARL RECINE/GETTY IMAGES

Футболдан Еуропа чемпионатының D тобында өнер көрсетіп жатқан командалар екінші тур ойындарын аяқтады. Аустрия Польшаны жеңіп (3:1) плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндігін сақтап қалса, топ фавориттері Франция мен Нидерланды өзара болған ойында 0:0 есебімен тең тарқасты.

Аустрия мен Польша арасында болған ойында жеңімпаздар сапынан Траунер (9-минут), Баумгертнер (66-минут) және Арнаутович (78-минутта пенальтиден) гол соқса, поляктардан тек Пентек (30-минут) дәл соққысымен көзге түсті.

Осылайша, екі ойында да жеңілген Польша құрамасы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толықтай айрылды. Олар келесі матчта Франция құрамасымен кездеседі.

Ал, Еуро-2024-тің басты фавориттері саналған француздар бүгін Нидерланды қақпасына гол соға алған жоқ. 0:0 есебі тіркелген матчта команда сұрмергені Килиан Мбаппе алаңға шықпады.