Шығыс Еуропа елдері арасында ұлтаралық араздық қозып тұр
Астанадағы Сербия елшілігінің өкілдері футболдан ұлттық құрамасына қатысты дауға пікір білдірді. Бұл туралы Tengri Sport мәлімдеді.
БАҚ өкілдері Хорватия мен Албания жанкүйерлері Еуро-2024-тің топтық кезеңі аясында ұлттың намысына тиетін сөздер айтқанын жазған болатын. Сербия футбол федерациясының басшылығы УЕФА-дан арандатушыларды шұғыл жазалауды сұраған.
«Сербия елшілігі спортта да, Еуропа чемпионатында да мұндайға жол жоқ екенін айтады. Хорватиялық және албаниялық жанкүйерлердің «сербтерді өлтіріңдер» деген ұрандары спорттық жарыстарды саясиландыру ғана емес, мұның нәсілшілдік және іріткі салу да екенін растаймыз. Стадионда UÇK формасы да болды, біз, сербтер, бұл лаңкестік ұйыммен Косовода күрескенбіз.
Мұндай әрекет жасаған жағдайда сербиялық жанкүйерлер де жазаланатынын ескерткіміз келеді.
Бұл тұрғыдан алғанда, біз еліміздің футбол өкілдерінің кінәлілерді тез арада жазалау туралы талабын, олай болмаған жағдайда, турнирге қатысуды жалғастырудан бас тартатынын қолдаймыз», - делінген Сербия елшілігінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, УЕФА Албания мен Хорватия жанкүйерлерінің әрекетіне байланысты тергеуді бастаған. Бұл елдердің футбол қауымдастықтарына айыппұл салынуы, ал Албания құрамасының футболшысы Мирлинд Дакуге турнирден шеттетілуі мүмкін.
Сербия құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Англияға есе жіберсе, екінші ойында Словениямен тең түсті.