Астанада Сан-Марино ойыншылары орналасқан қонақ үйге бомба «қойылды»

Редактор
17.11.2023, 15:58

Мамандар нысанды тексеріп болғанша спортшылар далада күтуге мәжбүр болған

Tripadvisor

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстанға келген Сан-Марино құрамасы Астанадағы қонақ үйден шығарылды. Оған әлдекімнің шетелдіктер жатқан нысанда «бомба бар» деп хабарлауы себеп болған.

Қонақ үйден тек футболшылар емес, бүкіл адам шығарылған.

Сан-Марино құрамасы Қазақстан командасымен бүгін кешке кездесу өткізеді. Осы орайда шектен тыс әзілдеген белгісіз біреу оларды әуре-сарсаңға салып отыр.

Аталған жағдайдан кейін құтқару қызметінің мамандары 23 ойыншысымен бірге техникалық қызметкерлер, түсірілім тобын толық қауіпсіз жерге орналастырған. Қонақ үй ішінде полиция толық тексеріс жүргізіп шыққанша шетелдіктер далада күтуге мәжбүр болды.

Әзірге шулы оқиғаға себепкер болған күдікті туралы ақпарат айтылмады.

Материалда: