Қазақстанға Ресейден ойыншылар ағыла ма? Станислав Черчесов шындығын айтты

Редактор
26.06.2024, 17:48

Ресейлік маман жақында Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін  ұстаған болатын

Александр Федоров, «СЭ»

Футболдан Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалған Станислав Черчесов баспасөз конференциясын өткізіп, журналистер қауымының сауалына жауап берді. 

Әріптестеріміздің бірі бас бапкерден «Шетелдік футболшылардан натурилизация жасалуы мүмкін бе?» деп сұрады.

«Өз басым жерсіндіру дегенді ұнатпаймын. Кезінде Ресейде де ондай ойыншыларым болғанын білесіздер. Бірақ заң тұрғысынан футболшы Қазақстан құрамасында ойнауға рұқсаты, көк паспорты болса, онда неге көрмеске. Бірақ біреуден сұрау, өтініш жасау деген менде жоқ. Сұрадың ба, сен оған қарызсың деген сөз. Егер белгілі бір позицияларда ойыншылардың жетіспеушілігі байқалса, оны шешудің жолдарын қарастыру қажет», - деді Черчесов.

Айта кетейік, ресейлік маман жақында Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған болатын.