Украина 4 ұпаймен келесі кезеңге шықпады
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының Е тобының ойындары аяқталды.
Үшінші турдағы екі матч тағы да 0:0 есебімен аяқталды. Румыния мен Словакия 1:1, ал Бельгия мен Украина 0:0 есебімен тарқасты.
Бұл топта барлық құрама төрт ұпайдан жинады. Доп айырмасы бойынша Румыния мен Бельгия плей-офф сатысына жолдама алса, үшінші орында тұрған Словакия үздік көрсеткішімен жарысты жалғастыра алады.
Енді 1/8 финалда Бельгия Франциямен кездеседі. Ал Румыния Словениямен жолығады. Словакияның қарсыласы - Испания.
Басқа топтарда 3 ұпаймен плей-оффқа өткендер бар, ал Украина 4 ұпаймен келесі кезеңге шықпады. Сондықтан “Украинаға обал болды” деп жазып жатқан жанкүйерлер көп.