«Жетісай» шабуылшысы Бекнұр Рысқұл еуропалық клубқа ауысты

Редактор
29.06.2024, 16:50

Биело-Поле қаласының «Единство» футбол клубы Черногорияның Жоғарғы лигасында өнер көрсетеді

Жетісай ФК

Футболдан Қазақстан фемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін «Жетісай» командасы шабуылшы Бекнұр Рысқұлдың черногориялық клубқа ауысқанын хабарлады. Енді ол Еуропада доп тебеді.

«Клубы шабуылшы Бекнұр Рысқұлмен жасалған келісім-шарт екіжақты келісіммен үзіп, команда шабуылшысы Черногориялық “Единиство” клубына ауысқаны туралы хабарлайды», - деп жазылған клубтың Instagram-парақшасында.

Биело-Поле қаласының «Единство» футбол клубы Черногорияның Жоғарғы лигасында өнер көрсетеді.

Жетісайлық команда Бекнұрға сәттілік тілеп, жаңа командада жұлдызы жануын тіледі.