«Біз фаворитпіз, бірақ ауыр ойын күтіп тұр»: Словения құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады

Редактор
19.11.2023, 21:45

Қазақстан жеңіске жетсе тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысады

prosports.kz

Футболдан Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Қазақстанмен болатын ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

Қос команда Еуро-2024 жарысына берілетін жолдаманы өзара сарапқа салады. Матч 20 қарашада Словения астанасы Люблянада өтеді.

«Бұл іріктеу ойындарындағы соңғы матч. Біз қарсыласты білеміз, өте қиын болады, бірақ мен өз жігіттеріме сенімдімін. Зайнутдинов пен Тағыбергеннің жарақатына қатысты сұрап жатыр. Бізде де дәл сондай проблема, жарақат алғандар да, ойыннан шеттетілгендер де бар. Бірақ, бұл шешуші ойын болғандықтан біз жеңіске жетеміз.

БАҚ пен жанкүйерлер үшін Словения қазір фаворит. Бірақ, бізді өте қиын матч күтіп тұр. Біз Қазақстанға жоғары құрметпен қараймыз және топтық кезеңде осындай нәтижеге жеткенімен құттықтаймыз. Десе де, біз футболшыларымыздың күш-қуатына сенеміз», - деді Кек.

Айта кетейік, егер Қазақстан Словенияны жеңе алмаса қосымша жолдама үшін Грекия құрамасымен тағы бір матч өткізеді.