Криштиану Роналдудан кейін Лионель Месси де пенальти соқпады

Редактор
05.07.2024, 09:22

Аргентина ширек финалда Эквадормен кездескен

Sports.ru

Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси Америка кубогының 1/4 финалында матч соңындағы пенальти сериясында мүлт кетті.

Аргентина ширек финалда Эквадормен кездескен. Ойын АҚШ-тағы «Эн-Эр-Джи Стэдиум» стадионында өтті. Есеп -1:1. Аргентинадан Лисандро Мартинес есеп ашса, эквадорлық Кевин Родригес таразы басын теңестірді. 

Аргентина жеңіліп те қалуы мүмкін. Абырой болғанда Энвер Валенсия 62-минутта пенальти соға алмады.

Осылайша, матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бірінші болып нүктеге келген Лионель Месси мүлт кетті. Ол Паненка стилінде теуіп, қақпа бағанына тигізді.

Дегенмен Аргентина қақпашысы одан кейін екі допты алып шығып, командасы келесі кезеңге өтті. Аргентина жартылай финалда.

Айта кетейік, Еуропа кубогында Криштиану Роналдуда 1/8 финалда Словения қақпасына пенальти сала алмаған. Ол бірақ ойын кезде мүлт кеткенімен, матч соңындағы пенальти сериясында дәлдік танытқан.