Мбаппе өзін Роналдумен салыстыратындарға жауап берді

Редактор
05.07.2024, 11:22

Футболшы Португалиямен кездесуге дайындалып жатыр

© Xavier Laine / Contributor / Getty Images Sport

Жазғы трансферде француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің «Реал Мадрид» клубына ауысқаны белгілі. Футболшыны жанкүйерлермен таныстыру салтанаты алдағы уақытта өтеді.

Қазір аяқдоп шебері Еуропа чемпионатының ширек финалында Португалиямен кездесуге дайындалып жатыр. Матч алдында француз «корольдік» клубта өзіне дейін ойнаған жұлдыздар туралы пікір білдіріп, Роналдумен салыстыратындарға жауап берді.

«Мен «Реал Мадридке» Криштианудың кезекті тарауын емес, өз тарихымды жазу үшін бара жатырмын. Криштианудың ол жақтағы тарихы ерекше, таңғажайып, менікі де сондай ерекше болғанын қалаймын. Екінші Криштиану Роналду ешқашан болмайды. Криштиану Роналду – менің кумирім, ол бүтіндей бір ұрпақты шабыттандырған адам. Ол аңыз ойыншы. Роналдуға деген құрметімнің қандай екенін бәрі біледі. Біз үнемі байланыстамыз. Ол аңыз болып қала береді, бірақ алдағы ойында жеңуге тырысамыз.
Пепе де «Реалдың» тірі аңызы. «Портуда» да, Португалия құрамасында да өзін дәлелдеп тастаған. Пепеге қарсы ойнау мен үшін үлкен абырой», - деді Мбаппе.