Полицей футбол матчында қоғамдық тәртіпті күзетіп тұрған
Семейдегі "Спартак" стадионындағы матчтың көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті.
Полицияның қызметкерші мүгедек арбасындағы ер адамды қолындағы жабындымен бүркеп тұрғанын көрермендердің бірі бейне таспаға түсіріп алған.
Бейнероликтің бас кейіпкері футбол матчында қоғамдық тәртіпті күзетіп тұрған ЖҚАЖ арнайы бөлімінің жауынгері болып шықты. Ол қайырымды іс жасап, бір адамға көмегі тигеніне қуанатынын жеткізді.