«Қарғыс атқан». Бразилияның жеңілісіне мысық кінәлі болып шықты

Редактор
10.07.2024, 15:10

Бразилия құрамасы ширек финалда Уругвайға есе жіберді

Видеодан кадр

Футболдан Бразилия құрамасы Америка кубогының жартылай финалына өте алмады. БАҚ беттерінде команданың жеңілісіне не себеп болғаны айтылып жатыр.

Журналистердің айтуынша, Бразилия құрамасының сәтсіздігіне баспасөз мәслихаты кезінде дөрекі лақтырылған мысық кінәлі. Бұл жағдай 2022 жылғы әлем чемпионатында болған еді.

Винисиус Жуниор баспасөз мәжілісіне келгенде мысық үстелдің үстіне секірген болатын. «Реал Мадрид» супержұлдызы мұны күлкілі деп ойлады. Бірақ сол тұста Бразилияның баспасөз хатшысы кенеттен мысықты ұстап алып, үстелден лақтырып жіберді.

Үркіп қалған мысыққа ештеңе болған жоқ. Дегенмен содан кейін жанкүйерлер ер адамның мысыққа жасаған әрекетін сынға ала бастады. Екі жылдан бері Бразилияның сәтсіздігіне осы мысықты лақтыру себеп болды деп санайтындар бар.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы ширек финалда Уругвайға есе жіберді.