Енді қарымта ойын 17 шілдеде Кишиневте (Молдавия) өтеді
УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңындағы матчта Молдованың «Петрокуб» командасымен тең түскен. Кездесуден кейін «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев команданың сүреңсіз ойыны туралы сұраққа жауап берді.
Бас бапкердің айтуынша, матчтың қателіктерге толы болғанын жоққа шығармады.
«Біздің жағдайымызға еніп, премьер-лигадағы жоспарланған ойындарды кейінге қалдырған клуб басшылығына, ҚФФ және өзге клубтарға алғыс айтамын. Чемпионатты маңыздылығы жағынан бөліп жармайтын едім. Дегенмен қазір бізге өте үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ал матчқа келсек, қорғаушы Темірлан Ерлановтың мәжбүрлі түрде ауысқан эпизоды бізге эмоционалды тұрғыда қатты әсер етті. Сондықтан біз Тұңғыш пен Шеховичті кейінірек шығардық. Ойыншыларды біртіндеп ойынға қосатын болсақ, матчтың динамикасын өзгертетін едік. Сүреңсіз матч болды дегенге пікірге келсек, мұндай кездесуде алдымен нәтиже маңызды. Жанкүйерлерге ұнайтын эстететикалық әсер сыйлайтын ойын керек болса, сол кезде ондай футболшыларды шығаратын боламын», - дейді Александр Седнев.
Айта кетейік, «Ордабасы» Молдованың 12 мың адам тұратын қаласының командасына гол соға алмай ұятқа қалды. Енді қарымта ойын 17 шілдеде Кишиневте (Молдавия) өтеді.