Арақ ішіп, тағдырына балта шапқан футболшылар

11.07.2024, 17:30

Жұлдыз болу да оңай емес. Еркекті тоқшылық, Əйелді жоқшылық бұзады деген. Көп ақша, барлығы қолжетімді болған кезде не істерлерін білмей кететіндер бар. Сондай кезде ішімдікке, қыз-қырқынға деген нәпсілерін тыя алмаған футболшылар жетерлік.

1bol.kz

Бірінші гол арнасы бүгін ішімдікке жақын болған топ-футболшыларға шолу жасамақ. Ендеше арнаға жазылып, қоңыраушыны басуды ұмытпаңыздар. Ендеше кеттік.

Джордж Бест

Тізімнің басында атақты солтүстік ирландиялық Джордж Бестің тұруы тегін емес. «Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысының түбіне жеткен де осы ішкілік болатын. Әйтпесе, таланты жағынан тіпті Пеле мен Марадонаны басып озуы мүмкін екені айтылған. Оның өлімнен операция да құтқара алмады.

Ол 19 жасында Британияның сол замандағы Бекхэмі болды. Өзінің жеке бутигін ашты. Сонымен қатар түнгі клуб пен бардан да табыс тауып, жарнамаға түсті.

Кейіннен оң қапталдағы жартылай қорғаушы болса да, голды топырлатып соғып, 1968 жылы «Алтын допқа» ие болды. Сол тұста «Манчестер Юнайтед» қазіргі Чемпиондар лигасы аталатын Еуропа чемпиондар кубогында топ жарды. Бест «Реал Мадрид», Эйсебио ойнайтын «Бенфика» қақпаларына гол соққан еді.

Бірақ ол атақ пен ақшаны көтере алмады. Түнгі қыдырысы көбейіп, қыз-қырқынмен, ішкілікті қатар алып жүрді. Жаттығуға мас күйінде келетін. Ең соңында 1974 жылы команда футболшыны қуып жіберді. Мас күйінде көлік айдап, түрмеге қамалған кездері де бар. 2002 жылы бауырын ауыстырғанымен, ішуін тоқтатпады. Сөйтіп, 2005 жылы бірнеше ішкі инфекциядан қайтыс болды.

«1969  жылы әйелдер мен алкоголды тоқтатқаным бар. Бұл менің өмірімдегі ең нашар 20 минут болды», - дейді футболшы.

Пол Госкойн

90-жылдары футбол қараған жанкүйерлер Пол Гаскойн есімін жақсы біледі. Ол – Британия футболының аңызы. «Газза» лақап атымен танымал футболшы сол тұста жер бетіндегі үздік ойыншылардың бірі болды. Оның 1996 жылы Шотландия қақпасына соққан голын әлі күнге аңыз қылып айтып жүргендер көп.

Дегенмен, Госкойнның да талантын толық паш етуге ішкілік, құмар ойын, қыз-қырқын кедергі болғаны жасырын емес.

Тіпті, өз-өзіңе қолда жұмсамақ болған. Дегенмен Газза әлі тірі. Оның 1996 жылы өз елінде өткен Еуропа чемпионатының қарсаңында Гонгонгтағы оқу-жаттығу жиыны кезінде ұйымдастырған «вечеринкасы» сол тұста британия басылымдарын шулатты.

14 жасынан ішкілікке әуестенген футболшы әріптестерімен бірге Гонгонгті басына көтерген. Вечеринкада оның қасында тағы 9 футболшы болған. Бірақ бәрі газеттің бірінші бетіне Гаскойнның суретін қояды. БАҚ-тың бәрі Полды сынады. «Намысы жоқ алқаш» деген тақырыптар жазылды.

Тони Адамс

Лондонның «Арсенал» клубы мен Англия клубының атақты қорғаушысы Тони Адамс алкоголизмге байланысты проблемасын түсініп, өзінің тәуелділігін мойындауға шешім қабылдаған және тіпті футболдағы алкоголизммен күресті бастаған алғашқы футболшы.

Негізі Адамс 80-жылдардың ортасынан бастап, ішкіліктің кесірінен көптеген төбелестерге қатысып, талай жанжалдың ортасында жүрді. 1990 жылы мас күйінде көлік айдағаны үшін төрт айға түрмеге қамалды. Тек арада алты жыл өткенде ғана ол өз құмарлығын жеңе алды.

«Қазіргі уақытта ішімдік ішу көптеген футболшылар үшін әдетке айналды. Тек бұл футболшылар ғана қатысты емес. Мына жағдайда ересектердің шамамен 70 пайызы темекі шегетін алпысыншы жылдарды еске түсіреді. Қазір ересектердің шамамен 30 пайызы өз өмірін алкогольсіз елестете алмайды. Алкогольге қарсы жарнаманы енгізу қажет», - деп 1996 жылы қорғаушы айтқан болатын.

Рас, футболшы өзінің тәуелділігін мойындағаннан кейін оның кейбір футболшы жолдастары Тониды мысқылдай бастады.

Нәтижесінде Адамс тәуелділігін жеңе алды. Ол алкогольдік спортшыларды сауықтыру үшін арнайы орталық ашып, «Наркоман» кітабын шығарды.

Сократес

Бразилия құрамасын 1982 жылғы әлем чемпионатына капитан ретінде бастап барған Сократесте ішімдіктен қашып құтыла алмады. Соның салдарынан бауырдан цирроз болды. Бауырын ауыстырғанымен, дертінен айықпады. 2011 жылы өмірден өтті.

Футболшының дертінің асқынғанын арақтан болғанын мойындады. Күн сайын бір бөтелке арақ алмаса тұра алмайтын күйге жеткен. Темекі сияқты әдетке айналып кеткенін растаған еді.

Сократес – жанкүйерлерге бразилиялық самбаның плеймекері ретінде жақсы танымал. Ол ұлттық құрамада 60 матчта 22 гол соққан.

Адриано

Егер біздің тізімде Адриано болмаса, бұл толық болмас еді. Бразилиялық футболшы техникалық шеберлігі, физикалық күшімен көбісінен ерекшеленетін. Аяқпен де, баспен де жақсы ойнады. Соның арқасында Италияның А Сериясында голдарды топырлатып салды. «Парма» мен «Интер» сапында өнер көрсетті. Бірақ одан кейін оның карьерасына әкесінің өлімі әсер етті.

Онсыз да режимге аса жауапкершілігі жоқ футболшы қыдырысты көбейтті. Жаттығуға ішіп келетінді шығарды. Шыдамы таусылған «Интер» басшылығы бразилиялықты отанына қайтарды. Алғашында алкоголизмнен емделіп, Бразилия чемпионатында үздік бомбардир болған. Бірақ кейіннен бұрынғы күйіне қайта түсті. Ішкілік, артық салмақ Адрианоның Роналдо мен Ромарионың деңгейіне жетуіне кедергісін келтірді.  

Артем Милевский

Бір кездері шабуылшы Артем Милевскийге Беларусь мен Украина өзара таласты. Жас футболшы туған елін емес, Украинаны таңдады. Сөйтіп, Киевтің «Динамосы» мен Украинаның негізгі құрамына кіре бастады. Оны сол тұста болашақ Шевченко болады деп болжағандар жетерлік. Украинамен 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысып, ширек финалға дейін жетті. Артем 2010 жылдарға дейін тәп-тәуір ойнады. Одан кейін өзіңе деген талабы азайып, режимді көп бұза бастады.

Арақ пен әйелдерге деген аңсары көбірек ауып, футболдағы карьерасын ұмыта бастады. Оның үстіне, тапқан табысы да басты айналдыратын еді. Киевте Милевский құдай сияқты өмір сүрді. Бірақ соңында бәрі алқаш деп атай бастады. Футболшы бұған өзіңнен басқа ешкімді кінәлай алмасы анық.

Сисиньо

Мадридтің «Реалы»жұлдызы жанған немесе болашағынан үміт күттіретін бразилиялық ойыншыларды қатарына қосуға құмар. Мысалы, қазіргі кезде корольдік клуб сапында Родриго, Милитао, Винисус секілді ойыншылар жүр. Ал оған дейін де талай бразилиялық футболшылар өнер көрсеткен. Солардың бірі қорғаушы –  Сисиньо.

Бірақ бұл талантты ойыншының бар қабілетін толық көрсетуге ішімдік кедергі келтірген. Алкоголға деген құмарлығы түбіне жетті. Мұны футболшының өзі жақында айтып берді. Көптеген құпияның бетін ашты.

«Мен «Реалда» жүргенде жаттығуға мас күйімде баратынмын. Тыныс алуымды реттеу үшін кофе ішемін, иіс шықпау үшін парфюм себемін. Бұл сол кезде оңай еді. Маған ішімдік алып ішу үшін ақша керек емес еді. Адамдар мейрамханада өздері-ақ қуана-қуана тегін ұсынатын», – деп еске алды бразилиялық.

Ол тек сырамен шектелмеді. Ішімдіктің түр-түріне әуес болды. Ал сыраны күнделікті шелектеп ішу қалыпты жағдай айналады.

«Мен тек кеше ғана емес, кез келген уақытта іше беретінмін. 20 жыл бойы күіне 10 бөтелке сыраны тауысып тасайтынмын, – деп еске алады Сисиньо.

Қазір «Реалдың» экс-жұлдызы Бразилияда тұрып жатыр. Ол соқ жақта жергілікті тұрғындарға оқу орталығын және ескерткіге әуес жандарға оңалту орталығын ашқан. Сисиньо өзі осындай қиындықтан өтті.

Материалда: