«Жұлдыздар аспанда ғана». Черчесов Әліп жайлы пікір білдірді

Редактор
12.07.2024, 17:26

Бас бапкер Әліптің шеберлігін 18 жасында Түркияда байқаған

ФК "Зенит"

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Нұралы Әліптің отандық футболдағы мәртебесі туралы айтты.

– Әліп, «Зенит» ойыншысы бола тұра, қазақстандық футболдың басты «жұлдыздарының» бірі атанды ма? 

–  Мен бұл сөздің футболға қатысты айтылғанын ұнатпаймын. Ойыншыларға қатысты сұрағанда, жұлдыздар аспанда деп айтамын. 
Сөйте тұра Нұралы Әліпке лайықты бағасын беру керек. Ол қай кезде де көзге түсіп жүретін. Нұралыны алғаш рет 18 жасында Түркияда көргенмін. Сол кезде-ақ назар аудардым. Қателеспеген екенмін.

Өткен маусымда Әліп көп матчқа қатысқан. Кейде дұрыс есептемей қоятын кездер болады, «қателік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Бірақ ол Ресей кубогының финалында гол соқты.

Әліп негізгі құрамда ойнайтын футболшылардың біріне айналып келеді дей алмаймын, себебі «Зенит», «Барселона» және «Бавария» клубтарында ондай жоқ. Бұрын негізгі құрам дейтін, қазір алаңға шығатын құрам деген түсінік көбірек ұнайды. 

Әліп «Зенитте» сол алаңға шығатын құрамға жиі ілігіп жүр. Ол өткен футбол маусымында өзіне қажетті бонусты жинай алды және тиісінше алаңға жиірек шығады деп үміттенемін.

Дегенмен «Зенитте» бәсеке өте жоғары деңгейде, кез келген ойыншының құлдырайтын және биікке шығатын уақыты болды. Бұл қалыпты жағдай.

Біз оған үлкен үміт артамыз. Венгрияда Әзербайжанмен кездескенде, Нұралы шаршаңқы көрінді. Маусым соңы екені және соңғы күшін сарп етіп ойнап жатқаны көрініп тұрды. Сөйте тұра ол барын салып бақты, - деді бас бапкер Станислав Черчесов.