Қазақстан әйелдер құрамасы өз алаңында Румыниядан жеңілді

Редактор
13.07.2024, 12:53

Румыния ойыншылары 3 гол соқты

ҚФФ

2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан W құрамасы өз алаңында Румынияны W қабылдады.

Матч Алматының «Орталық» стадионында өтті. Румыния ойыншылары Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз үш гол соғып, жеңіске жетті.

Төрт күннен кейін Мадияр Кембілов шәкірттері Болгариямен София қаласындағы «Славия» стадионын кездеседі. Ойынның басталуына сағат 22:00-ге жоспарланған.

Қазақстан W - Румыния W - 0:3 (0:2)

Голдар: Карп 17, Олар 40, Иордакьюзи 60

Қазақстан W:  Портнова (Қ), Бурова (Власова 73), Айтымова, Нұрышева, Мясникова (К), Демидова, Тұрлыбекова (Низамутдинова 26), Құлмағамбетова (Қожабекова 73)), Бибосынова, Гайстенова (Попова 86), Қаражанова (Талдыкина 73);