Аргентина Колумбияны овертаймда жеңіп, Америка чемпионы атанды

Редактор
15.07.2024, 09:34

2021 жылы да Месси бастаған құрама құрлық чемпионы атанған болатын

ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»

Футболдан Америка чемпионаты мәресіне жетті. Финалда Аргентина құрамасы Колумбияны жеңіп, құрлықтың 16 дүркін чемпионы атанып отыр.

Матчтың негізгі бөлігі 0:0 есебімен тең аяқталған. Ақтық бәсеке болғандықтан командалар барынша сақ ойнап, қорғаныста қателік жібермеуге тырысып бақты. Ал, жеңімпазды олар овертаймда анықтады.

Ойынның 112-минутында аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес Джовани Ло Чельсо берген пасқа бірінші жетіп, жеңіс голын соқты. Колумбиялықтар қалған он минуттай уақытта нәтижелі жауап қайтара алмады.

Осылайша Аргентина құрамасы Америка кубогын екінші жыл қатарынан жеңіп отыр. 2021 жылы Лионель Месси бастаған команда финалда Бразилиядан 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Биыл Аргентина топтық кезеңде үш ойыннан максималды 9 ұпай жинаса, плей-офф кезеңінде Эквадор мен Канаданы жеңді.