Айымбетов «Адана Демирспор» сапында небәрі тоғыз матчқа қатысқан
Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов өнер көрсететін Түркияның «Адана Демирспор» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында жолдастық кездесу өткізді.
Суперлига командасы Әзербайжанның «Сумгайыт» клубымен өзара кім мықтыны анықтады. Бірақ бұл матчта жеңімпаз анықталған жоқ, есеп тең аяқталды. «Адана Демирспор» клубынан Юсуф Бараси дубль авторы атанса, «Сумгайыт» сапында Рагим Садыхов пен Никола Вуйнович мергендік танытты.
Кездесуге Айымбетов те қатысты, суреттерге қарағанда, отандық футболшы алаңға капитан ретінде шыққан. Бұл кадрларды Абаттың өзі Instagram-да жариялады.
Айта кетейік, былтырғы маусымда Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында небәрі тоғыз матчқа қатысып, бір гол соқты.