Қайрат Боранбаев тағы бір футбол клубын ашпақ

Редактор
24.07.2024, 17:59

Жаңа клуб 2025 жылғы маусымда QFL екінші лигасында ойнайды

fckairat.com

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Metaratings.kz хабарлады.

Жаңадан құрылатын клубға Almaty United деген атау беріледі. Сондай-ақ 2025 жылғы маусымда QFL екінші лигасында ойнайтыны жоспарланып қойған. Клубты ашу арқылы Боранбаев "Қайрат" футбол клубының академиясынан шыққан футболшылардың тәжірибе жинауына мүмкіндік бернісі келеді.

Жаңа клуб өз алаңындағы матчтарын "Қайрат" академиясы нысандарының бірінде өткізеді. Клубтың бас директоры "Қайраттың" бұрынғы директоры, қазір Player Сareer Management футбол агенттігінің басшысы Баймұханов Марат Бүркітұлы болады.