Бақтиер Зайнутдинов Түркияда екінші чемпиондық атаққа қол жеткізді

Редактор
04.08.2024, 11:34

Оның Ресейге ауысатыны туралы сыбыс шындыққа жанаспады

Бешикташ ФК

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» Түркия Суперкубогында топ жарды.

Жерлесіміз намысын қорғайтын клуб «Галатасарайды» ойсырата ұтты, есеп – 5:0. Өкінішке қарай, Зайнутдинов жарақатына байланысты тізімге енбей қалды. 

Мамыр айында қазақстандық ойыншы «Бешикташпен» Түркия кубогында жеңіске жеткен еді. Осыдан соң қазақстандық футболшы Ресейге оралатыны туралы сыбыс тарады. Бірақ Бақтиердің өзі Түркияда қалу туралы шешім қабылдаған.

Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы алғашқы маусымда барлық турнирде 37 матч өткізді. Ал, биыл Түркиядағы жаңа маусым бір аптадан соң басталады.