Испания құрамасының капитаны ажырасқанын мәлімдеді

Редактор
12.08.2024, 17:44

Испаниялық шабуылшы мен италиялық бизнесвумен 4 баланы тәрбиелеп отыр

әлеуметтік желі

2024 жылғы Еуропа чемпионы Альваро Мората мен бизнесвумен Аличе Кампелло жеті жылдық некеден соң айырылысқанын жариялады.

Жұлдызды жұп екеуінің екі бөлек кетуіне түсінбестіктердің көбейіп кетуі себеп дегенді алға тартады. Marca мәліметінше, 12 тамыз күні таңертең ерлі-зайыпты әлеуметтік желідегі парақшаларында екеуінің ажырасқаны туралы ақпарат жариялаған.

«Ақылдаса келе бөлек кетуді құп көрдік. Осы жылдар аралығында бір-бірімізді шын жақсы көрдік, құрметтедік және қолымыздан келгенше көмектестік. Бізге де оңай емес, сондықтан бұл шешімге құрметпен қарауды сұраймыз. Бір минуттық атақ үшін жалған оқиға ойлап таппаңыздар, біз түсінбестіктердің көбейіп кетуі себеп осындай шешім қабылдадық. Аличе қай кезде де менің жүрегімде ерекше орын алады. Екеуміз талай қиындықтан бірге өттік, бір-бірімізден көп нәрсе үйрендік», - деп жазды Альваро Морато.

Альвароның бұрынғы әйелі де бұл ақпаратты растады.

«Өмірімізде үшінші адамдардың жоқтығын айта кетейін. Түсінбестіктер жиналып, уақыт өте келе бәрін құрта бастайды, бір күні ол жарылысқа әкеп соғады. Альвароға маған жасаған жақсылығы үшін, маған көрсеткен қамқорлығы үшін, жақсы күйеу және керемет әке болғаны үшін алғыс айту керек», - деді Аличе Кампелло.

Испаниялық шабуылшы мен италиялық бизнесвумен 2016 жылы танысып, арада бір жыл өткен соң шаңырақ көтерді. Осы аралықта төрт баланың – бір қыз бен үш ұлдың ата-анасы атанды.

Материалда: