Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жозе Моуринью жаңа қызметке кірісе салысымен сәтсіздікке ұшырады

Редактор
14.08.2024, 11:16

Енді ол Түркияның чемпионатына дайындалады

AFP

Атышулы португалдық бапкер Жозе Моуринью «Фенербахче» футбол клубын Чемпондар Лигасының топтық кезеңіне алып шыға алмады. Іріктеу сынында стамбұлдық ұжым Францияның «Лилль» командасынан өте алған жоқ.

ЧЛ іріктеу кезеңінің үшінші айналымы аясында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Алғашқы ойынды «Лилль» өз алаңында өткізіп, Моуринью шәкірттерін 2:1 есебімен жеңіп кеткен болатын. Енді француздар Праганың «Славиясымен» екі матч өткізеді.

Еске салайық, Жозе Моуринью «Фенербахче» тізгінін биыл жазда ұстады. Оның келісімшарт мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін. Бұған дейін португалдың маман «Романы» баптаған еді. Римдік клубпен Моуринью Конференция лигасын жеңіп алды. Алайда, екінші маусымдағы сәтсіздіктерден кейін команда басшылығы оны қызметінен қуды.

Жарнама
Жарнама