Килиан Мбаппе «Реалдағы» алғашқы ойынында гол соғып, УЕФА Суперкубогін жеңіп алды

Редактор
15.08.2024, 01:52

Ойын тағдыры екінші таймда шешілді

Adam Nurkiewicz/Getty Images

Биыл мадридтік «Реал» сапына қосылған француз шабуылшысы Килиан Мбаппе корольдік клубтағы бірінші ойынын УЕФА Суперкубогі аясында «Аталантаға» қарсы өткізді.

Мбаппенің «Реалдағы» дебюті сәтті өтті деуге толықтай негіз бар. Мадридтік команда италиялықтарды 2:0 есебімен жеңсе, жеңіс голын дәл сол Мбаппенің өзі соқты.

Ойынның бірінші таймында доп иелену көрсеткіші шамалас болғанымен, «Аталанта» ойыншылары гол соғу үшін бірнеше талпыныс жасап көрді. Дегенмен, «Реал» қорғанысы сыр бермеді. Командалар үзіліске 0:0 есебімен тарасты.

Ал, екінші таймда Винисиус Жуниордың пасына бірінші жеткен Вальверде есеп ашса (59-минут), араға тоғыз минут салып Мбаппенің құлап бара жатып тепкен добы қақпа торында тулады.

Өз қақпасына екі гол жіберіп алса да «Аталанта» ойыншылары гол соғуға құлшыныс білдірген жоқ. Қорытынды есеп – 2:0. «Реал» – УЕФА Суперкубогінің иегері.