«Ордабасы» екі матчта бірде-бір гол соқпай, еурокубокпен толық қоштасты

Редактор
15.08.2024, 23:34

Енді шымкенттік ұжым жарысты тек ҚПЛ-де жалғастырады

Ордабасы ФК

Шымкенттік «Ордабасы» клубының еурокубоктағы жорығы аяқталды.  Арменияда «Пюниктен» жеңіліп, Конференция лигасымен қоштасты.

Бір апта бұрын Алматыда 0:1 есебімен есе жіберген Седнев шәкірттері бұл жолы Ереванда тағы ұтылды. «Пюник» сапынан тағы да жеңіс голын Отубанджо соқты.

Осылайша, «Ордабасы» еурокубокпен толығымен қоштасты. 

Негізі шымкенттік команда еурокубоктағы жорығын Чемпиондар лигасынан бастаған. Бірақ екі матчта да Молдованың «Петрокуб» командасына гол соға алмай, жарыстан шығып қалды. Одан кейін Конференция лигасында Люксембургтің «Дифферданж» командасын пенальти сериясынан әзер жеңді.

«Ордабасы» кездескен командалардың барлығының бюджеті шымкенттік команда бюджетінен әлденеше аз.