«Ордабасы» алматылықтарға керек болмай қалған маманды бас бапкер етпек

Редактор
24.08.2024, 11:36

25 тамызда «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды

Қайрат ФК

Шымкенттің «Ордабасы» клубында әзірге бас бапкер жоқ. Команда басшылары бұған дейн «Жетісу» жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетовті шақырған. Бірақ оны облыс әкімі жібермей қойған еді.

Енді Шымкент клубы «Қайрат» командасының экс-бапкері Кирилл Кеккерді тағайындауды көздеп отыр. Бұл туралы «Серый CARDINAL» телеграм-каналы жазды. Инсайдтық ақпаратқа сенсек, ҚПЛ-дың 18-турынан кейін Кеккер Шымкентке келеді. 25 тамызда «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Әзірге бас бапкердің міндетін Александр Кучма атқарады. Ол 2023 жылдың қаңтар айынан бері Александр Седневтің көмекшісі болған. 

Бұған дейін бас бапкер болған Седнев «Ордабасы» еурокубокта жеңіліп ұятқа қалған соң, командадан түпкілікті кетті.