Қазақстан футзалшылары Иран құрамасын ұтты

Редактор
30.08.2024, 21:12

Келесі матчты Қазақстан азулы Аргентинаға қарсы өткізеді

olympic.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына даярлық аясында Иран командасын ұтты. Матч 4:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. 

Қазақстан сапынан Джахангир Рашит, Дуглас, Ақжол Дәрібай мен Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты.

Естеріңізде болса, бұған дейін отандық футзалшылар Тәжікстан құрамасынан 3:0 және 4:3 есебімен екі рет басым түскен. 

Енді 1 қыркүйекте Қазақстан Иранды Астанада қабылдайды. 8 қыркүйекте Аргентинамен (2016 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі) Алматыда жолдастық кездесу өткізеді. 

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындары 10 қыркүйекке дейін жалғасады. 15 қыркүйекте Өзбекстанда әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Испаниямен өткізеді. Бұдан бөлек топта Ливия және Жаңа Зеландия бар.