«Ақтөбе» чемпионат ортасынан ауғанда бас бапкерсіз қалды – инсайд

Редактор
01.09.2024, 12:34

Команда Еурокубокте сәтсіз ойнап, турнирден «ұшып» кеткен

Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында «Елімайдан» жеңілгеннен кейін бас бапкер Дмитрий Парфенов қызметінен кетті деп жазды «Инсайды от Карпа» телеграм-каналы.

Айта кету керек, бұған дейін «Ақтөбе» Конференция лигасында да сәтсіз ойнап, турнирден шығып қалған болатын.

«Парфенов «Ақтөбеден» кетті. Қазақстан чемпионатында 2-ші орында тұрса да, Қазақстан кубогінің финалына шықса да ол қажет болмай қалды, енді тараптар келісімшартты үзіп жатыр. Дәл қазір Дима Мәскеуге ұшып бара жатыр», - деп жазылған аталған хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада шымкенттік «Ордабасының» бапкері болған Аленксандр Седнев те отставкаға кеткен болатын. Оның орнына бұған дейін Қайратты жаттықтырған Кирилл Кекер тағайындалды. Ал, «Ақтөбе» расымен де бапкерсіз қалса оның орнын кім басатыны әзірге белгісіз.