Қазақ футболына амбассадор керек. Еуропалық клубтарға қазақ ойыншыларын қалай кіргізуді білемін

Редактор
08.09.2024, 15:52

Композитор Нұрлан Еспановтың өзі бір жылдары футолдан Қазақстан құрамасының амбассадоры болған

коллаж: 1bol.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының Норвегиямен тең ойнауына қуану қажет пе? Жалпы, ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы жорығы былтырғыдай сәтті бола ма? Черчесов шәкірттері Аустрия мен Словения футболшыларына қарсы қауқар таныта ала ма? Бұл сұрақтардың жауабын футбол жанашыры, белгілі композитор Нұрлан Еспанов мырзамен бірге іздеп көрдік.

Оның айтуынша, Қазақстан футболының болашағын дамытамыз десек, жас футболшыларды Еуропаға апарып, гранд клубтарға ақша беріп ойнату қажет. Мұны мемлекет өз қолына алуы керек дейді Еспанов.

Сондай-ақ, отандық футболды дамыту үшін жаңа амбассадорларды тартқан жөн дейді ол.