«Астана» чемпиондыққа ұмтылуда, «Шахтер» тағы да жеңілді

Редактор
14.09.2024, 22:03

Жексенбіде тағы үш ойын өтеді

Астана ФК

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-тур ойындары басталды. Алғашқы жарыс күні үш матч өтіп, үшеуінде де алаң иелері жеңіске жетті.

Елорданың «Астана» клубы Алматыда «Қызылжарды» қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде Чинеду Джеффри дубль жасап, «Астанаға» үш ұпай сыйлады. «Қызылжардың» тек бір гол соғуға шамасы жетті.

Астананың тағы бір командасы «Жеңіс» Қарағандыда «Қайсардың» осал тұсын тапты. Грузиялық шабуылшы Георгий Панцулая 34-минутта жеңіс голын салды.

«Тұран» осы маусымда алғаш рет Түркістандағы стадионда ойнап, «Шахтерден» үш ұпай алды. Қорытынды есеп – 2:1. Екі командадан матч барысында бір-бір ойыншы алаңнан қуылды.

Енді ертең тағы үш ойын бар. Семейде «Елімай» мен «Тобыл» ойнаса, «Ақтөбе» Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдайды. Шымкентте «Ордабасы» мен «Атырау» кездеседі.