Ол Грозныйдың «Ахмат» клубында өнер көрсетіп жүр
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресейдегі алғашқы голын соқты.
Футболшы бүгін «Ахмат» сапында Ресей кубогы аясындағы матчта «Пари Нижний Новгород» қақпасын дәл көздеді.
Ойын «Нижний Новгород» стадионында өтті. Матч 2:1 есебімен «Ахматтың» пайдасына шешілді. Самородов есепті 9-минутта ашты. Бұл оның Ресейдегі алғашқы голды.
Максим «Ахмат» сапына биыл жазда ауысқан. Отандасымызды Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев шақырған болатын. Бірақ Максим Грозныйға барғанда Адиевтің өзі отставкаға кетіп қалды. Команданы қазір Сергей Ташуев жаттықтырып жүр.
Максим Самородов бұған дейін «Ақтөбе» клубында ойнаған.