Қазақстанның 18 жастағы қақпашысы даниялық клубтың сапына ауысты

Редактор
07.12.2023, 10:12

Ол биыл Freedom QJ League жасөспірімдер лигасында өнер көрсеткен болатын

"Атырау" ФК

Қазақстандық футболшы Дулат Талыспаев даниялық «Кеге» футбол клубына ауысты. Аталған команда ел чемпионатының екінші дивизионында ойнайды.

Дулат бұған дейін «Атырау» U21 клубының қақпасын қорғаған. Екі ел клубтарының арасындағы әріптестік арқасында еуропалық команда қазақ баласын өз қатарына қосты деп жазады Vesti.kz.

Соңғы маусымда Дулат Талыспаев атыраулық клуб сапында 8 ойын алаңға шығып, 41 сейв жасаған және 11 гол жіберіп алған.