Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-тур ойындары аяқталды
Чемпиондықтан үмітті «Ақтөбе» мен «Ордабасы» жағдайларын қиындатып алды. Алғашқысы Қостанайдан «Тобылдан» ірі есеппен жеңілді.
Ал «Ордабасы» өз алаңында «Астанаға» есе жіберді. Бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталған. Екінші кезеңде жағдай өзгеріп кетті. Елорда клубы тағы екі гол соғып, 4:2 есебімен матчты аяқтады.
Енді «Астана» қалған жеті матчтың барлығын да жеңер болса, чемпион атанады.
Сондай-ақ «Елімай» Қарағандыда «Шахтердің» осал тұсын тауып, бірінші орынға шықты. Бірақ олардың «Астанадан» үш ойыны артық.
Сонымен қатар, бүгін «Тұран» Петропавлдың «Қызылжар» клубын жеңді. Кеше «Атырау» мен «Жеңіс» 2:1, «Қайрат» пен «Қайсар» 1:0 есебімен тарқасқан еді.