«Ванн Дамм стилі»: ПСЖ қақпашысы қарсыласының бетінен тепкені үшін екі ойынға шеттетілді (ВИДЕО)

Редактор
07.12.2023, 16:25

Оның командасы осы ойында жеңіліп, ұпай жоғалтты

Фото ашық дереккөзден

«Пари Сен-Жермен» клубының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма қарсыласының бетінен тепкені үшін бірнеше матчтан шеттетілді.

Ел чемпионатының 14-турында ПСЖ мен «Гавр» кездескен болатын. Ойынның 10-минутында Доннарума қақпасынан шығып кетіп, доппен келе жатқан ойыншының басынан тепкен. Бұл әрекеті үшін қақпашы «қызыл қағаз» алып қана қойған жоқ, өз командасының жеңілуіне себепкер де болды.

Кәсіпқой футбол лигасының тәртіптік комиссиясы оны қосымша жазалауды жөн көріпті.

«2023 жылдың 6 желтоқсанында комиссияның отырысы болып, мынадай шешім қабылданды: Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ) 2 матчтан шеттетілсін», - делінген аталған ұйымның ресми сайтында.

Осылайша, Доннарумма Франция чемпионаты аясында «Нант» және «Лилль» командаларымен болатын ойынға қатыспайды.