Солтүстік Корея футболдан әлем чемпионы атанды

Редактор
25.09.2024, 12:43

КХДР-ның әйелдер құрамасы Аргентина, Коста-Рика және Нидерланд құрамаларын жеңді

IMAGO/Julian Medina / SPP

Футболдан 2010 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Солтүстік Корея Португалиядан 0:7 есебімен ұтылған кезде, жергілікті БАҚ өкілдері бұл жеңіліс туралы ләм-мим демеген. Ал бүгінгі жағдай мүлде бөлек. 

Колумбияда мәресіне жеткен U20 арасындағы әлем чемпионатында КХДР-ның әйелдер құрамасы алдымен Аргентина (6:2), Коста-Рика (9:0) және Нидерланд (2:0) құрамаларын ұтып, аламанға жүлде үшін келгендерін аңғартты.

Ал іріктеу матчтарында Австрия (5:2), Бразилия (1:0) және АҚШ-тан (1:0) басым түсті. Финалда корей қыздары Жапониямен кездесті. Бұл ойында Солтүстік Корея сапынан 15-минутта мергендік танытқан Чхве Иль-сон басты жұлдыз атанды. Еншісінде алты голы бар Иль-сон турнирдің үздік сұрмергені әрі үздік ойыншысы атағын қоса иеленді.
Қола медаль Нидерландты ұтқан АҚШ-қа бұйырды (2:1).

Солүстік Корея құрамасы бұған дейін чемпион атағына қол жеткізген. U20 әйелдер құрамасы 2006 және 2016 жылдары топ жарып, бұл жас деңгейінде АҚШ және Германиямен бірге үш рет чемпион атанған құрамалар қатарында тұр.